Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тағы да бөпелі болармыз": Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты құпияны ашты

Танымал блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Өнер иесі Revuenews арнасын туған күн кешіне шақырды.

“Тағы да бөпелі болармыз. Сіздерге айтпаған жаңалық көп. Бүгінде сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Ол кісі дайын болған кезде, мен де дайын боламын. Рұқсат берсе болды”, – деді актриса. 

Одан кейін анасы, әнші Жанар Айжанова да қызының таңдауына қарсы болмайтынын жеткізді. 

“Мен Айжұлдызды қолдаймын. Қандай шешім қабылдаса да, дайынмын. Ол 18 жастағы қыз емес. Оның таңдауына, шаруасына араласпаймын”, – деді әнші.



Еске салайық, желі жұлдызы ұзатуына ешқандай әртіс шақырмайтынын айтқан еді. 

“Сәкен ұлан-асыр үйлену тойын жасағысы келеді. Менің ұзату тойымда ешқандай блогер, әртістер болмайды. Тек жақындарым мен бауырларымды ғана шақырамын. Тойға дайындық қызу жүріп жатыр. Нақты күні мен айы белгілі болғанда жариялаймыз”, – деген еді жақында қалыңдық атанатын Айжұлдыз. 

Талқылау