Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тағатсыздана күтеміз": Әнші Ayree-дің екінші сәбиіне аяғы ауыр

Айри сәби күтіп жүр

Фото: Instagram.com/ayreeofficial

Жақында екінші рет тұрмыс құрған Ayree туған күнінде қуанышты жаңалығын бөлісіп, күйеуімен сәби күтіп жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“Туған күніңмен, Ayree! Өткен жылға тек алғыс. Аллаға сансыз шүкір. Жаңа жасымды ең керемет сезіммен қарсы алып отырмын. Мені бақытты қылған Нұркен, рақмет сүйіктім. Ата-анама, жақындарыма және ең бастысы сіздерге менің сүйікті тыңдармандарым, алғысымды білдіремін. Баршаңызға жұғысты болсын! Ал балапан, біз сені тағатсыздана күтудеміз”, – деп жазды Ayree.

Әншіні оқырмандары мен әріптестері жарыса құттықтады.

“Жолдасыңның құшағында, әр жыл сайын әлдиің мен әніңді айтып жүре бер”, “Туған күнің құтты болсын Айри, Нұркен екеуіңіз бақытты болыңыздар”, “Қандай күшті жаңалық! Отбасыңмен бақытты ұзақ ғұмыр кешіңдер! Тәтті балапаныңды аман есен құшағыңа ал”, “Өте әдемі кезеңде екенсің, балапаныңды бауырыңа аман-есен ал. Бақытың еселене берсін”, – деп жазды желідегілер.

Еске салайық, өнер иесі өзінен екі жас кіші жігітпен шаңырақ көтергенін жазған едік.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 15:08
Талқылау