Нәпақамды базарда жүріп тапқанмын деген Асылхан Төлепов, бүгінде табысты қаржыгердің кейіпіне енген. Актер, «Финансист. Игра на вылет» картинасында басты рөлді сомдауда. Өнер иесі, өмірде де есеп-қисаптан жаңылмайтын жан екендігін айтып қалды.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Қазақстандық «Волк из Уолл стрит». Отандық киноөндірісте бұрын соңды түртілмеген, қаржы тақырыбы төңірегінде «Финансист. Игра ны вылет» картинасы таспалануда. Алайда, Қазақстандық Ди Каприо – Асылханның, бұл ұқсастыққа айтар жауабы әзір.
“Бұл баяғыда жазылып қойған сценарий ғой. Ди Каприолар ұрлап алды да, түсіріп қойды оны. Просто біз кейін түсіріп жатырмыз негізі”, – дейді Асылхан.
Асылхан Төлеповке аталмыш картинада білікті маман, табысты қаржыгер рөлі бұйырған. Өнер адамы болсам да, есеп-қисаптан еш жаңылмаймын дейді ол. Себебі, актер ақша санауда шатаспауды базарда жүріп үйренген.
“Мен өзім саудада істеген адаммын. Бірден енді жетістікке жете қойған жоқпыз. Бірден киноға түсіп кеткен жоқпыз. Өнер академиясында оқып жүргенімізде, яғни базарда банан сатып жүрген кездерім болды. Ол енді жасыратын түгі жоқ”, – дейді Асылхан Төлепов.
Ал, әріптесіме қарғанда математикаға жақын емеспін деген Чингис Капинге, жақсылығынан қулығы басым жанның рөлі бұйырған.
“Менің образым өте қатал әрі қиын. Кейіпкердің мінезі маған қарама-қарсы келгендіктен, актер ретінде өте қызық болғанын жасырмаймын. Картинадағы ең жағымсыз кейіпкер”, – дейді актер Шыңғыс Капин.
Режиссер Елена Лисасинаның айтуынша, фильмнің сюжетіне өмірде болған оқиға негізге алынған. Алайда, киногер нақты кімнің басынан өткен жағдай екенін айтудан аулақ. Картина 2018 жылы көрерменге жол тартпақ.
Жіберіп алмаңыз:
Мақпал Жүнісова қызы Мерейге марқұм жарының туған жерін көрсетті (видео)
Жұғысты болсын: Аша Матай Жазира Байырбековаға ерекше сый жасады (видео)
Төреғали Төреәлі Геннадий Головкинмен түскен суретін көрсетті
Шынайылығың үшін: Луина дастархан шотын төлемей кеткен жас жігітке сыйлық жасады