Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Табалауға дайын тұрады": Ақбота Керімбекова өзін сынайтындар туралы айтты

Ақбота Керімбекова адамдардың қандай қиындық көргенін түсінбейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақбота Керімбекова

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында адамдардың бір-бірін табалап жататыны туралы жазба қалдырып, кімнің қандай қиындық көріп жатқанын білмесек те оны сөгіп, сынап жатамыз дейді. Соған қарағанда өнер иесі үнемі осындай жағдайға тап болатын сияқты. Осылайша Ақбота Керімбекова қандай қиындық көріп жүргенімді білмесеңіз, мен туралы пікір айтпаңыз деп ағынан жарылған.

"Сенің басыңнан қандай жағдайлар өткенін ешкім білмейді. Сенің қандай қиындықтарың бар екенін де ешкім білмейді. Сенің не үшін күресіп жүргенің де ешкімге мәлім емес.Тіпті шын мәнінде қандай адам екенің де ешкімге мәлім емес. Бірақ ыңғайы келгенде сені кінәлап, табалап қалуға дайын тұрады деген жақсы айтылған сөз екен. Сіздермен бөлісіп жатқаным ғой. Қайырлы түн болсын баршаңызға. Алланың назарында болайық", - деп жазды Ақбота Керімбекова.

Адамды білмей жатып, табалауға келгенде шеберлік танытатын жанды өнер иесі осылайша сынның астына алған. Ақбота Керімбекова өзінің де қиындықтары аз емес екенін жеткізіп, ашынды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Шілде, 2019 09:32
Талқылау