Түрмеден қашқан тұтқын қыз іздеудегі суретін ауыстыруды өтінген
Австралияда түрмеден қашқан Эми Шарп іздеуге жарияланған суретін ауыстыруды сұрады.

Телеарнада полицейлерің түрмеден қашқан 18 жастағы Шарпқа іздеу салғаны жөнінде хабарланған. Оның негізгі белгілерімен бірге суреті жарияланған. Сурет түрмеде түсірілген болса керек.
Бұл суретті қашқын қыздың өзі де көріп, телеарнадан суретті ауыстыруын сұраған. Ол тіпті өзге суретін де ұсыныпты.
Шарптың хабарламасы ғаламторда тез таралып, 62 мың лайк пен 10 мыңнан астам пікір жинаған.
Желі қолданушылары қашқынның батылдығына қайран қалды. Оған қаржылай көмек ұсынғандары да болды. Олар жастарды соттау олардың өмірін қиындата түсетінін айтып, аяушылық білдірген.
Жіберіп алмаңыз:
Қылмыскерлер күзетшіні өлімнен құтқару үшін түрмеден қашты (видео)
Эквадорда жер сілкінісінен кейін жүзге жуық жазасын өтеуші түрмеден қашып кетті
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"