Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыскерлер күзетшіні өлімнен құтқару үшін түрмеден қашты (видео)

АҚШ-та қылмыскерлер өздерін бақылап отырған күзетшіні құтқару үшін түрмеден қашқан.

0

Оқиға Паркер округінің техастық түрмесінде болған. Қылмыскерлердің бірі күзетшімен бейбіт түрде әңгімелесіп отырғанын айтады. Артынша әлгі жігіт өздігінен талып қалған.

“Ол орындықтан құлап, тыныс алуы қиындап кетті. Біз жігіт өліп кетер екен деп қорықтық. Артынша бірден әрекет еттік”, – дейді ол.

Видеодан қылмыскерлер тобының камера есігін сындырып, күзетшіге көмектесуге асыққандарын байқауға болады. Олар құлыпты сындырып, дабылды қосады. Артынша дабылға өзге күзетшілер жүгіріп келеді.

Бастапқыда қылмыскерлер өздерін тәртіп бұзды деп айыптауы мүмкін деп қорыққан екен. Алайда барлығы ойдағыдай өтіп, талып қалған күзетші оқиғаны өзі баяндап берген.


Жіберіп алмаңыз:

Вьетнамдық әке жүздеген сәбиді түсіктен құтқарып қалды

Рудный полициясы өзенге сүңгіп, 50 жастағы әйелді құтқарып қалды

Қарағандылық полицей төрт баланы тілсіз жаудан құтқарып қалды

Ресейлік журналист Қарағанды облысында отбасыны құлдықтан құтқарып қалды

Талқылау