Рудный полициясы өзенге сүңгіп, 50 жастағы әйелді құтқарып қалды

Жұма, 1 Шілде , 2016 13:26

Рудныйда жергілікті полиция өзенді жүзіп өтіп шықпақшы болған әйелді құтқарып қалған. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

20120730_09_40_15147

Сурет total.kz

50 жастағы бағбан әйел белгіленген жерге дейін тексеріп шығуға ерініп, уақыт үнемдемекші болған. Алайда өзінің физикалық күшін есепке алмағанға ұқсайды.

Өтіп бара жатқан ер адам өзен ортасында бетон плитада тұрған әйелді байқап полицияға қоңырау шалған. Оқиға орынына құрамында кіші сержант Рүстем Мәулетов пен Нұрсұлтан Ақбергенов бар жергілікті полицияның автопатруль қызметі келген. Тәртіп сақшыларына өзенге сүңгігеннен басқа амал қалмаған. Осылайша олар әйелді судан алып шыққан.

“Облыста қазіргі ауа-райы салқын, сол себепті су да өте салқын. Әйел өте қатты тоңып қалған. Біз оны судан шығарып, Рудный қалалық ауруханасына жеткіздік. Сол жерде оған медициналық қызмет көрсетілді”, – деп хабарлады құтқарушы полицейлер.

Құтқарылған әйелдің баласы мен күйеу баласы қалалық полиция басқармасының басшысы Мақсат Ойықбайға хабарласып, полиция қызметкерінің көмегі үшін үлкен алғыс білдірген.

“Кездейсоқ ер адамның және полиция көмегі болмағанда, біздің анамызды құтқару мүмкін болмас еді. Барлық құтқарушыларға алғыс айтамыз!”, -дейді әйелдің туыстары.

Қазіргі таңда өте қиын жағдайда әйелді құтқарып қалған полицейлерді марапаттау мәселесі қарастырылып жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар