Америкада «екінші Ганнибал Лектер» түрмеден қашып кетті

Сәрсенбі, 27 Қаңтар , 2016 8:18

Бұрынғы америкалық теңіз жаяу әскері, иран тумасы Хусейн Найери екі сыбайласымен бірге Калифорнияда түрмеден қашып кетті.

қылмыскер

Қашқындардың ісін тергеуші прокурор 37 жастағы Найериді “екінші Ганнибал Лектер” (“Молчание Ягнят” фильміндегі маньяк) деп атады.

Бұл қылмыскер тергеу барысында жантүршігерлік қатыгездігімен есте қалған. 2012 жылы бір есірткі дилері бандаға тиесілі ақшаны тығып қойған, Найери оны денесін күйдіріп, қинап өлтірген, сондай-ақ ол өз сыбайласын келесі күдіктінің жыныс мүшесін кесіп тастауға мәжбүрлеген, деп жазады пишет Fox News.

Прокурор Хизер Браун оны «әккі, өте қу адам кейпіндегі хайуан» деп сипаттады. Оның айтуынша, қылмыскердің қашқанын естіген кезде оған бірден «екінші Ганнибал Лектер тағы бостандықта» деген ой келген. Ол осындай қауіпті қылмыскердің күзеті әлсіз түрмеде жатқанын үлкен қателік деп санайды. Қашқындарды дер кезінде байқамаған. Олардың жоқ екенін 16 сағаттан кейін бір-ақ білген. Жазасын өтеушілер торды кесіп, техникалық тоннель арқылы қашып кеткені белгілі болды.

Олардың қайда екені туралы ақпарат бергендерге 50 мың доллар сыйақы тағайындалды, деп жазады ria.ru.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар