Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда мұғалімдерді жаппай ақысыз демалысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр

Түркістандағы Молда Мұса атындағы орта мектеп мұғалімдері мектеп басшылығы оларды жыл сайын мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа жіберетінін айтып шағымданды.

8eb0762ef009b28fb996e0cd132f97bd_XL

Бұл туралы “Жас Алаш” басылымы жазады.

“Директор шақырып алып, ақысыз демалысқа кетуге өтініш жаздырып алды. Жыл сайын осылай. 10-15 күнге деп арыз жаздырып алады. Онысы бізге тиімсіз. Айлығымыз кәдімгідей азайып қалады. Онсыз да ақша жеткізе алмай жүргенде енді, міне, ақысыз демалыс деген жүйкеге тиіп бітті. Заңды ақшамыздан қағылдық”, – дейді Мұса молда мектебінің мұғалімі Света Алпамысова.

“Біздің есебімізден осылайша бюджетті үнемдеуді түсінбеймін. Рас, солай-ақ болсын делік. Онда үнемделген ақша неге мектеп қажетіне жаратылмайды? Оған да ақшаны өз қалтамыздан жинаймыз ғой. Мектепті де мұғалімдер, өзіміз жөндеп жатырмыз”, – дейді ұстаз.

Ал өзін «директор Шолпан Ахметова» деп таныстырған адам «мұндай сұрақтарға жауап бермеймін» деп телефон тұтқасын қоя салды. Ең қызығы мектептерде мұғалімдерді еріктерінен тыс мәжбүрлеп демалысқа жіберіп жатқанын облыстық білім бөлімінің басшысы тегі естімепті.

«Ондайды білмеймін, бізге шағым түскен жоқ» деді екі ауыз сөзге келіп. Бірақ «анықтайық», «тексереміз» дегенді айтпады.

“Мұғалімдер жазғы еңбек демалысында. Жұмысқа енді шығулары керек. Оларға еңбекақы төлейтін жергілікті атқарушы органдар ғой, солар бірдеңе шығарған шығар”, – деді білім бөлімінің басшысы Әлібек Сағынбекұлы.

Ал құқық қорғаушылардың айтуынша, бюджетті үнемдегісі келетін директорда қарамағындағы мұғалімді мәжбүрлі, ақысыз демалысқа жіберетін құдірет жоқ.

“2015 жылдың қарашасындағы Еңбек кодексіне сәйкес, ақысыз еңбек демалысын жұмысшы өз еркімен ғана ала алады, оны мәжбүрлеп тағайындау деген жоқ. Егер заңбұзушылықтар болса, мұғалім директорға арыз жазуы керек. Ол үш күнде қаралып, кейін комиссия құрылады. Егер олар істі шешпесе, мәселені сот қарайды”, – дейді заңгер Сәуле Тасыбаева.

Оқи отырыңыз:

Қостанайлық азамат екі жыл бойы туған қызын зорлап келген

Павлодар кафесіндегі шу тудырған порно роликтің бас кейіпкері жазадан құтылып кетті

Астаналықтар 6 баласымен жалғыз қалған әйелге көмек көрсетті

«Ұшақтағы қазақ тілі» анекдотқа айналды

Талқылау