«Ұшақтағы қазақ тілі» анекдотқа айналды

Бейсенбі, 17 Тамыз , 2017 16:51

Журналист Ербол Азанбек кешеден бері талқыға түсіп жатқан «ұшақтағы қазақ тілі» жайында анекдотқа бергісіз әңгіме жазды. Мұны оқығандар түрлі ой түйіп, пікір талас ұйымдастырды,-деп жазды Stan.kz.

ұшақ111

Көпшілік түрік азаматының қылығын арзан жарнамаға теңеп жатыр. Олардың сөзінше ол Қазақстан халқына осылайша танылып, әлдебір өзінің мақсатын жүзеге асырғысы келеді. Ал тағы бір топ оның қазақ тіліне жаны ашып тұрғанына шын сенеді. Міне екіге бөлінген жұрттың ұрысынан кейін әзіл әңгімелер де пайда бола бастады.

«Ұшақтамыз. Дәл қасымда (айып етпессіздер) негр отыр. Сөйлесейін десем ағылшыным нашар. Оның үстіне мұның да ағылшыншасы жоқ шығар. Африкадан сияқты деп қоямын. Бір кезде ұшақ қонуға бет алды. Командир обалы не керек үш тілде қонуға бет алдық, анау-мынау деп жатыр. Ана негрім тамақ ішетін столикті көтермей отыр. Бір кезде стюардессалар келіп, алдымен ағылшынша, сосын көтеріңіз деп орысша талап ете бастады.

Негрім басында үндемей отырған. Бір кезде атып тұрып, сөмкесінен қазақ шапан шығарып, кие қалып, «шешеңді қазір көрсетемін» деп соткасының камерасын қоса қалғаны. Басқа басқа қазақша сөйлегеніне риза болып, «айналайын негрім, айналайын» деп жаным кіріп барады. Шапаны тіпті жандырды. Стюардессаларға “қазақша сөйле, көрмейсің ба, негрдің өзі.

Ал сен болсаң…Үт оңбаған” деп қоямыз. Олар қазақша сөйлей бастап еді әлгі соткасын өшірді. Ұшақ жерге қонды. Сонымен тарағанбыз. Ертесі әлгі видео жер-жерге тарады. Бір күні әлгінің бір бағдарламада қонақ болып отырғанын көрдім. Бірте-бірте теледидардан түспейтін болды. Танымал бір ағамыз қызды-қыздымен “бұл әрбірден соң биліктегі қазақша білмейтін мын қазақтан артық” деп салды.

Бір ағамыз қасынан қалдырмай ертіп жүретінді шығарды. Әлгінің үстінен шапаны түспейді. Бір жылдан кейін көшеден көріп қалдым, «азаматтық алдым, қазақша үйреніп жүрмін. Қазақстан жұмақ, жұмақ» деп қояды. Қолында су жаңа Лексустың кілті. Шіреп тұр. Мен болсам бір күрсініп, автобусқа қарай аяңдадым»,-деп жазған Ербол Азанбек есімді желі қолданушысы.

Ал Дәулет Серікбай есімді желі қолданушысы “қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткеннің бәрі  батыр ма?” деген сұрақ қойды.

“Ешкім тілді қорғаған жоқ, бар болғаны түрік өзіне пиар жасады. Енді қайдағы жоқ түрік танымал адам болды. Алдына иіліп жастық боламыз, түрікке керегі сол болатын. Ондайларды батыр санай берсек барлық адам батыр болар еді.

Мысалы өткенде бір әже орыс дүкеншіге ай балам қазақша айт мен орысша білмеймін деді. Сол әжейді батыр дейік онда. Көп адамның арасында батырсынған ғой. Әйтпесе таксиде орыс жігітінен қазақша сөйлеуді талап етсінші, мұрнын бұзып жіберсін.

Барлық қазақ қазақша сөйлеп, барлық мекеме қазақша сөйлеп тіл шын мәнінде тұғырына қонбайынша біреудің пиары қызықтырмайды екен”,-деп жазды Дәулет Серікбай есімді желі қолданушысы.

Ал сіз қалай ойлайсыз?

Оқи отырыңыз:

20 мың доллар пара берді деп айыпталған шенеунік жаңа қызметінде 3 күн ғана отырған

Ақтөбеде кафеге келушілер 2500 теңге үшін әкімшіні өлтіріп, үш-ақ жылға сотталды

Адасып қалған студент қыз орманда бір ай бойы саңырауқұлақ пен жидек жеп күн көрген (фото)

Балаларға арналған жөргекқаптан құрт шықты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар