Қостанайлық азамат екі жыл бойы туған қызын зорлап келген
Қостанай облысында 38 жастағы тұрғын екі жыл бойы туған қызын зорлағаны үшін он бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Ер адам 2015-2017 жылдар аралығында 2001 жылы туған кәмелетке толмаған қызын зорлаған.
“Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы 4 бөлімі бойынша айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан және өмір бойына педогогтық қызметпен айналысу құқығынан айырды”, – деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Ол жазасын қылмыстық-атқарушылық жүйесінде максималды қауіпсіздік деңгейінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Болашақ көлігі: Қазақстандықтар электросамокат пайдалана бастады
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды
Алматыда тұрақтағы орын үшін ер адамды сабап тастаған
Дәрігерлер 14 жастағы қостанайлық қыздың басынан оқ шығарып алды