Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды

Бейсенбі, 17 Тамыз , 2017 22:35

Сот Алматы зообағының бухгалтеріне қатысты қамау туралы санкция қабылдады. Медеу ауданы прокуратурасының хабарлауынша, ол 32 миллион теңге жымқырды деген күдік тудырды,-деп жазды Sputnik.

парк-алматы
Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты есепші-кассирді қамау жөнінен санкция қабылдады. Ол “Алматы зообағы” кәсіпорнына тиесілі қаржыны жымқырғаны жөнінен күдіктенеді.

Тергеу жұмыстары нәтижесінде, бұл адам бір жыл көлемінде (2015 жылдың желтоқсаннан 2016 жылдың қазанына дейін) компьютерден зообаққа кіру билеттерінің сатылымы жөніндегі мәліметтерді жойып отырған. Осылайша, ол 32 миллион теңгені иемденіп, жұмсап жіберген.

Қылмыстық іс “Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иелену және талан-таражға салу” және “ҚР есепшілік тіркеу және қаржылық есеп туралы заңнамасының бұзылуы” баптары бойынша тергелуде.

Сотқа дейінгі өндіріс Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық қызмет тарапынан атқарылып жатыр. Қылмыстық істің ауырлығына байланысты істі жүргізу жөнінен процессуалдық прокурор тағайындалды.

Ол тергеу ісінің басынан қылмыстық процестің аяқталып, сотқа берілгенге дейінгі уақыт аралығында бақылау жасайды.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысының таулы аймағынан қару кезенген шетелдік азамат ұсталды

Жас жігіт өзін мазақ еткен жеткіншектен кек алу үшін оның анасымен төсектес болды

Ерлі-зайыпты ғаламторда танымал болу үшін өз балаларын қорлап келген (видео)

Араб әмірлігінен келген туристер: Ыстықкөлге түсу – харам

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар