Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыпты ғаламторда танымал болу үшін өз балаларын қорлап келген (видео)

Америкалық ерлі-зайыпты Майкл мен Хизер Мартин бір жарым жылдан бері өз баласын мазақ етіп, YouTube арнасына ролик жариялап отырған.

bs-fe-daddyofive-michael-heather-martin-issue-apology-youtube-20170424

Ерлі-зайыптыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы немесе 5 мың доллар айыппұл тағайындалуы мүмкін.

Адвокат Мартинов Стивен Туллидің айтуынша, ерлі-зайыпты кінәсін мойындаған. Одан өзге ақпарат айтудан бас тартыпты.

Мамыр айына ата-ана 9 жастағы Коди мен 12 жастағы Эммаға қомқор болу құқығынан айырды. Кодиді ата-анасы балағаттап, әрі-бері түйреп, мұрнын сындырған. Балалар оның биологиялық анасы Роуз Холлға берілді.

Айыптаудан соң ата-анасы желіге видеоүндеу жолдап, балалардың өз еркімен түсірілімге қатысқанын, ал кадрда әзіл ретінде түсірілгенін айтып жылады.

DaddyOFive роликтері он мыңдаған қаралым жинады. Арнаға 750 мыңнан көп адам жазылған. Балаларды қорлаған видео ата-анасына ай сайын 20-30 мың доллар көлемінде табыс әкелген. Алайда ата-анасы бұл роликтерді балалары үшін түсіргенін айтады.

Тағы да оқыңыз:

Әнші Jah Khalib: Есірткіге тәуелді едім, ислам өмірімді өзгертті

Ер адам өз үйінде ұсталып қалған әйелі мен көңілдесін атып тастады

Ресейліктер көлдің Қазақстанға «берілуін» оның тартылып қалуымен түсіндірді

Талқылау