Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Араб әмірлігінен келген туристер: Ыстықкөлге түсу – харам

Біріккен Араб әмірлігінен келген туристер дәретхананың жоқтығынан Ыстыққөлге түсудің харам екенін айтты.

otdyyh_na_ozere_issyyk-kul4.jpg_218

Желі қолданушысы Александра Мельникова бұл жайлы туристер қонақ болған үй иесінен естіп білген.

«Ол араб елінен келген қонақтарды Ыстықкөлге апарып тастайды. Туристер жағажайда әрі-бері жүріп, суға түспеген. Құмда жүріп болған соң өздерін Бішкекке жеткізуін сұраған. Олар жақын маңда дәретхана жоқтығын, адамдардың бәрі су ішінде дәретке отыратынын, сондықтан судың харам екенін айтқан. Шындығында да жағажайға неліктен дәретхана қойылмаған?», – деп жазады Александра Мельникова.

Желі қолданушылары арасында туристердің айтқанына келісетіндер де, оларды даттағандар да бар.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында мүгедек азаматтың үйін танысы қарызы үшін кепілге қойып сатып жіберген

Қызылордада жедел жәрдем дәрігерлері жаралы адамды құтқара алмағаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Құрттаған 35 мың тонна қарбыз тексерістен өтпеген болуы мүмкін

Талқылау