Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеден шыққан ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсірді

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері  Александр Емельяненко түрмеден шыққаннан кейінгі алғашқы айқасында бразилиялық Джеронимо Дос Сантосты нокаутпен жеңді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталған жекпе-жек 27 қыркүйек күні Мәскеуде World fighting championship Akhmat турнирі аясында өтті. Ол алғашқы раундта-ақ қарсыласынан басым түсіп, ауыр соққылар дарытты. Дос Сантос нокауттан кейін тұрғанына қарамастан, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Бразилиялық біраз уақыт төрешімен дауласып көрді. Алайда бұл әрекеті нәтижесіз болып, жеңіс Емельянкоға берілді. Ресейлік 24 рет жеңіп, 7 рет жеңілген. Ал Дос Сантос 20 рет сүрініп, 38 рет ұтқан.

Естеріңізге сала кетсек, ресейлік спортшы 2016 жылы үй қызметшісі Полина Степанованы зорлап, толқұжатын ұрлағаны үшін сотталған.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды

Ақтөбелік спортшы әлемді мойындатты

Джейкобс Головкинмен екінші рет кездесу үшін НВО арнасымен келісімшарт жасады

Головкин мен “Канело” екінші рет мамыр айында кездеседі

Талқылау