Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Түркиядағы ресейлік елшіні атып өлтіріп кеткен сәттің видеосы пайда болды (видео)

Анкарадағы Ресей Федерациясының елшісі Андрей Карловты белгісіз біреулер өлтіріп кетті.

1484018714

Фото: AP Photo/ Burhan Ozbilici

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Түркия астанасы Анкарадағы фотокөрме кезінде белгісіз біреулер Ресей елшісіне шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, нысанда атыс басталған кезде, елші сөз сөйлеп жатқан.

Алдын-ала деректер бойынша оқ атқан қаскөйдің өзі сол жерде өлтірілген.

Елшіні ту сыртынан атқан ер адам “Аллаху акбар! Алеппо туралы ұмытпаңдар! Сирия туралы ұмытпаңдар!” деп айқайлаған. Анкара мэрі Мелик Гекчек атыстың мақсаты енді ғана дұрысталып келе жатқан Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты бұзу деп есептейді.

Оқиғаны теракті деп атаған Ресей тарапы, қылмыстық іс қозғап, мәселені БҰҰ қауіпсіздік кеңесі қарауына ұсынатындарын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Әуе апатынан аман қалған футболист: Мен бір минут бұрын орнымды ауыстырған едім

Қытайда терезеден лақтырылған бөтелке үшін үйдің бүкіл тұрғындары айыппұл төледі

АҚШ-та дау туғызған сайлау қайта есептеліп қорытындысы жарияланды

Әйелін өртке қимаған зейнеткер онымен бірге өртенді

Талқылау