Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуе апатынан аман қалған футболист: Мен бір минут бұрын орнымды ауыстырған едім

Қараша айында Колумбиядаға әуе апатынан Бразилия футболшысы Алан Рушель аман қалды. Ол тілшілерге апат алдында ғана орын ауыстырғанын айтты.

3B7B488000000578-4044752-image-a-127_1482029383303

Оның айтуынша, бастапқыда ұшақтың соңында отырған. Бірақ қақпашы Джексон Фоллман оны алдыңғы қатарға, өзінің жанына, отыруға өтініпті.

Әуе апатынан BAE Avro ұшағының 71 жолаушы қаза тапты. Ұшақ бортында “Шапекоэнсе” футбол командасы болған. Тек 6 адам, оның ішінде Алан Рушель мен Джексон Фоллман аман қалды.

Алан Рушель арқасынан жараланып емханаға жатқызылды. Ол емханадан жазылып шыққан соң футболды қайта жалғастыратынын және қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып баратынын айтты.

3B7B4D2F00000578-4044752-image-a-128_1482030537771

“Апаттың қалай болғаны қазір есімде жоқ. Әйтеуір, менімен ауысып ұшақ соңына отырғысы келген журналиске бас тартқан едім. Кейін ұшақ алдында Фоллманның отырғанын көріп, орын ауыстыруға келістім. Мені құдай аман алып қалды. Маған өмір сүруге тағы мүмкіндік берді “, – дейді ол.

Еске сала кетсек, 29 қараша күні Боливиядан Колумбияға қарай ұшып шыққан әуе лайнері апатқа ұшыраған еді. Бортта 81 адам болған. Арасында бразилияның жоғарғы дивизионында өнер көрсететін “Шапекоэнсе” клубы да бар. Команда Оңтүстік америка кубогының финалында ойнауға бара жатқан. Деректер бойынша, апаттан тек 5 адам ғана аман қалған.

Апатқа ұшыраған ұшақты бірнеше күн бұрын әйгілі футболшы Месси мінгені де айтылған еді. Ал мадридтік “Реалдың” жұлдызы Роналду қаза тапқан футболшылардың отбасына 3 млн еуродан аударды.

Желтоқсан айының басында ел билігі ұшақтың отыны таусылғаннан апатқа ұшырағанын айтқан еді. Кейіннен ұшқыштың отынның таусылуына байланысты қонуға рұқсат сұрағаны, алайда оған рұқсат берілмегені айтылған жазба тарады.


Жіберіп алмаңыз:

Түркияда жер астынан 18 қабатты қала табылды (фото)

«Музарт» тобының ізбасарлары анықталды

“Картоп әйел” өзін ешкім жақсы көрмейтінін айтып налыды (фото)

Мақпал Исабекова аяқсыз қалған бойжеткен үшін парақшасын сатты

Талқылау