Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бір топ адам жалған еңбек шартын жасап, шетелдіктерді заңсыз елге кіруге көмектескен

полиция ұстады

Видеодан скриншот

Шымкентте жалған еңбек шартын жасап, шетелдіктерді заңсыз елге кіруге көмектескендер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңдастырумен айналысқан.

Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

“Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеді. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасады”, – делінген хабарламада.
Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 09:17