AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сұлулығы мен сымбаты жұғысты болсын": Әбдіжаппар Әлқожа жаңа тұлпарының атын Нұрболат Абдуллиннің құрметіне қойды

Әбдіжаппар Әлқожа тұлпарына ат қойды. Әнші сәйгүліктің атын өнердегі досы, әріптесі Нұрболат Абдуллиннің құрметіне қойды. 

“Бұл – аттың аты, бұл – сәйгүліктің аты, бұл – тұлпардың аты. Бұл жаңа аттың аты — NURBULLIN.

Нұрболат Абдуллин досымның құрметіне қойдым. Нұрбуллин деген есім тек өнерде емес, көкпар додасында қайнасын. Тарихта есімі ерекше болсын деп қойдым.

Мен үшін, әулетім үшін Нұрболаттың орны өте бөлек. Бұйыртса осы сәйгүлігіміз Нұрболат досымдай мәре бағы мықты болсын!
Досымның сұлулығы, мінезі, өзін ұстауы, кербез өзіндік болмысы, денесі. Менің атыма жұғысты болсын. Келер жылдан бастап топқа қосамыз! Артында Мини оригиналым бар!!! Бұйыртса Оригинал Нұрбуллин болып аты шыға берсін”, – деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа. 

Бұған досы Нұрболат Абдуллин көп алдында жауап беріп, ризашылығын білдірді. 

“Айналайын, ДосЖан, рахмет! Қуанышта шек жоқ. Достығымызды одан әрі бекіткеніңнің өзі тектілік. Ақсүйек баптаған Сәйгүлік болсын! Ғұмыры ұзақ, салымы шексіз болсын! Алла разы болсын, Жапоғым эй!”, – деп жазды Нұрболат.

“Атың ұзаққа шапсын”, – деп тілек білдірді Нұржан Төлендиев. 

Желі қолданушылары құтты болсын айтып, енді бірі сынға ала бастады. 

“Көз тимесін, салымдары көп болсын”, “Ассалаумағалейкүм! Бұл дұрыс емес! Ол менің жеке пікірім! Қазақ адам есімін жануарға қоймаған. Қара бура, Тайбұрыл, Құлагер деген неше түрлі аттар бар ғой”, “Тұяғы таймасын тұлпарыңның”, “Тұлпар құтты болсын”, “Адамның есімін атқа қоюшы ма еді? Неше түрліні шығаратын болды ғой”, – деп жазды олар. 

Әбдіжаппар Әлқожа Оригинал атты тұлпарын жоқтап, елдің сынына ұшыраған еді. 

Айта кетейік, әнші 22 ақпан күні Жетісайда 30 мың адамға көкпар беріп, сүндетке отырған ұлдарының құрметіне дүркіретіп той жасады.


Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарының тойына АҚШ-тан акула алдыртып сойған

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр