Сұйық оттегінің жұмысын тексермекші болған ғалымдар таска итін тұншықтырып, елден сөгіс естіді
Ғалымдар жоғары лауазымды адамдардың көзінше өз еңбектерін дәлелдеу үшін таска итін сумен тыныс алуға күштеп, желі қолданушыларын шошытты.
Рогозин показал Вучичу таксу, которая благодаря кислородосодержащей жидкости дышит под водой: Это, конечно, прогресс и прорыв, но собаку жалко pic.twitter.com/MBFZYFoEPw
— Дмитрий Смирнов (@dimsmirnov175) December 20, 2017
Желі қолданушылары сұйық оттегімен тыныс алуға күштелген итті көріп шошып түұскен.
Бұл видео Ресейдің «Пятая канал» арнасынан алынған. Онда Ресейдің вице-премьері Дмитрий Рогозин Сербия президентіне жаңадан жасалған технологияны таныстырып жатыр.
Видеода лаборатория қызметкерлері сұйық оттегі толтырылған шыны ыдысқа таксаны күштеп салып, шөктіреді. Ит жансауғалап ыдыстан қашып шығуға тырысады. Біраз шөккеннен кейін лаборатория қызметкерлері итті сыртқа шығарып, оның тірі екенін көрсетеді. Бірақ токса қатты шошығандықтан дірілдеп, жан-жағына үрейлене түседі.
Сұйық оттегі су әскерілері мен тыныс алу жолын жарақаттаған науқастар мен шала туған балалар өмірін құтқаруда пайдасы зор.
Желі қолданушылар мұның пайдасы болғанымен жануарды азаптаған ғалымдарды сөгіп жатты.
Оқи отырыңыз:
Көптеген мемлекеттік органның интернет-сайттары уақытылы жаңартылып отырмайды
Атырау қаласы әкімі: қалаға жаңа жылдық шырша орнатпауымызға да болады