Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісі басты рөлді сомдаған Луинаның бейнебаяны жұртқа ұнап қалды (видео)

Жуырда Луина сүйіктісінің өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын айтып, қуанышын бөліскен болатын. Енді міне ол сымбатты жігітін бейнебаянға түсірген екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Луина

Әнші Луина желідегі парақшасы арқылы тағы бір қуанышын бөлісті. Ол сүйіктісімен бірге «Ұшақ» атты әнге түсірілген бейнебаянын тыңдармандарына ұсынды. 

«Бүгін тамаша күн! Бұл менің өмірімдегі ерекше күн! Ол, ең бақытты, өзім де күтпеген күн. Мен Жаратқанға, сүйіктіме, жақындарыма, туыстарыма, желідегі оқырмандарыма шексіз ризамын! Кеше Те екеуіміздің мерейтойымыз болды. Осы орайда біз бейнебаянымызды жарыққа шығаруды жөн көрдік. «Ұшақ» атты бейнебаянды осы қуанышымызға орайластырып отырмыз. Біздің премьерамыз көңіл қосқан күнімізбен қатар келіп тұр. Сүйіктілерім, біздің махаббатымызды қабыл алыңыздар», - деп қуанды Луина. 

Әншінің аталған туындысы бір күнде 95 мың қаралым жинаған. Көпшілік оның өзіне ерекше ұнағанын жазып жатыр. Туындының режиссері – Дамир Тастембеков. 

«Тамаша жұмыс! Оның дауысын жақсы көремін! Субтонды керемет меңгерген. Шығармашылық табыс тілеймін!», «Луинаның әрдайым осындай мағыналы бейнебаяндар түсіретініне ризамын», «Тұрмысқа шығу туралы ұсыныспен құттықтаймыз», «Бақыт пен шексіз махаббат тілеймін! Жақсы көремін! Ал бейнебаян тамаша» деп жазды желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Луинаның сүйіктісінен тұрмысқа шығуға ұсыныс алғаны туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 31 Шілде, 2019 09:36
Талқылау