Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен сені бақытты етемін": Луина құттықтауларды қабылдады

Сүйіктісімен бірге түскен суреттерін жиі бөлісетін Луинаны жігіті мерейтойымен құттықтады. Қуанышты жаңалықты бірінші болып әншінің өзі бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Луина тұрмысқа шығуға ұсыныс алдыЖақсы жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, сүйінші сұрады Луина. Сүйіктісімен көңіл қосқан күнін осылай атап өтті өнер иесі. Белгілі әнші болашақ жарын бақытты етемін деп уәде берген.

"Бүгін керемет күн. Күтпеген жерден болған бақытты кезім. Кеше Те екеуіміздің мерейтойымыз болды. Біз жаңа клиптің таныстырылымын жасаймыз деп шештік. "Ұшақ" атты туындымыз дәл осы керемет күнге түсті. Бұл жұлдыздардың пешенемізге жазғаны. Туындымыздың тұсаукесері оның мені айттырып келген күнімен тұспа-тұс келгенін қарамайсыз ба", - деп жазды әнші.

Мұны көрген желідегі жұрт өнер иесіне бақыт тілеп, әншіні жарыса құттықтады.

"Құттықтаймын", "Бақытты болыңыздар", "Сен үшін қуаныштымын, жұғысты болсын", "Бәрі жақсы болсын", "Қос ғашыққа барша жақсылықты тілегім келеді", - десті олар.

Талқылау