Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суретші Дәурен Макин терроризмді насихаттады деген айыппен жеті жылға сотталды

Астанада “терроризмді насихаттады” деп айыпталған суретші Дәурен Макин 7 жылға сотталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық сайтына сілтеме жасап.

Даурен Макин

Суретші өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ақпаратқа сүйенсек, былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін сурет, эскиздер жариялағанын айтқан суретші бар айып “сурет салуды үйренеміз” деп келген арнайы қызметтің адамдарымен болған “әңгімеге” негізделгенін айтады. 

“Олар маған жала жауып отыр. Өзімнің кінәсіз екенімді қанша дәлелдеуге тырысқаныммен, ескерген жоқ. Facebook-та елдегі саяси оқиғаларға қатысты пікір жарияладым. Соған байланысты соттап отыр. Үкіммен келіспеймін, апелляцияға беремін”, – деді Дәурен Макиннің өзі соттан кейін.



Бұған дейін прокурор оны сегіз жылға соттауды сұраған. Ақпаратқа қарағанда, сот оның бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балаларын барын ескерген.

Былтыр суретшінің адвокаты мен жақындары Макиннен сурет салуды үйренеміз деген сылтаумен екі адам келіп, ортадағы әңгімені диктофонға жазып алғанын айтқан еді. Келгендер арнайы қызмет адамдары екені кейін анықталған. "Бар айып сол әңгімеге негізделген" дейді қорғау тарабы.

Талқылау