Суретке түсуге бола ма: Қайрат Түнтеков екінші жартысын тапты
Қайрат Түнтеков қалыңдығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осы уақытқа дейін жеке өмірін жұрт көзінен тасада ұстаған Қайрат Түнтеков екінші жартысын тапқанын айтып, ағынан жарылды. Өнер иесі өзімен суретке түсуге ниет білдірген аруды бір көргеннен ұнатып қалған. Осылайша тыңдарманына көңілі ауған Қайрат Түнтеков бақытты болғысы келетінін жеткізді.
"Өтіп бара жатты да, қасыма келіп суретке түсуге болады ма деп сұрады. Жарайды дедім. Сөйтіп ұнап қалды. Не дейді өзі мынау. Бір көргеннен ғашық болу", - деді Қайрат Түнтеков.
Өнер иесі болашақ жарын жер көкке сыйғызбай мақтаған. Сұлулығы мен ақылы үндескен ару Түнтековтың жүрегін бірден жаулап алған көрінеді. Бірақ әнші қалыңдығын жұрт көзіне көрсетуге асықпаған.
"Өте жақсы қыз. Сұлу, сымбатты, ең бастысы ақылды. Кейін мүмкін таныстыра жатармыз. Бірақ, менің ойым өзімнің келіншегімді былай халыққа таныстырып, паш етуді дұрыс көрмеймін. Сондай ұстанымым бар. Жеке, ешкім білмей-ақ қойса екен деймін", - дейді Қайрат Түнтеков.