Сұраныстағы 105 дәрінің бағасы қымбаттамайтын болды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Қазақстан кәсіби фармацевтикалық ассоциациясының жетекшілері 105 дәрінің бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойды.
Отандық және шетелдік дәрі өнімдерін шығарушылар мен тасмалдаушылар және саудалаушылар өздеріне әлеуметтік жауапкершілік алып, халық ең көп тұтынатын 105 дәрі-дәрмектің бағасын белгіледі.
Отандық және халықаралық дәрі өндірушілер, дистрибьютерлер мен жекелеген сауда өкілдері 2016 жылдың аяғына дейін 105 дәрінің бағасын тұрақты ұстап тұруға келісіп отыр.
«105 дәрі-дәрмек – бұл ең көп қолданылатын прерапараттардың тізімі. Бұл тізімге қабынуға және тұмауға қарсы қолданылатын дәрілер кіріп отыр», – дейді фармацевтикалық инспекторат басқармасының басшысы Ботагөз Смағұлова.
Сонымен қатар, меморандумға ҚР Фармацевтика ісін қолдау және дамыту, «ФармМедИндустрия Қазақстан», Халықаралық фармацевтикалық дәрі өндірушілер және ҚР фармацевтикалық өнім дистрибьютор қауымдастықтары қол қойды.