Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Supermodel International” байқауында қазақ қызы су киіміндегі үздік образ атағын жеңіп алды

“Supermodel International-2016” Халықаралық байқауында Ақтөбе аруы Құралай Закарина “Best in Swimsuit” (су киіміндегі ең сұлу ару) атағын жеңіп алды.

3ac5753ef580fa465979de2ea0ecad76

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ару сәнбикелер байқауына жарты жыл бойы дайындалған. Дұрыс тамақтану ережелерін сақтап, жаттығу залына барған. Естеріңізге сала кетсек, байқауда Қазақстанды кім таныстыратынын анықтамас бұрын, қыздар бірнеше сыннан өткен. Әділ-қазы алқалары қатысушыларды бірінші суретіне қарап таңдаған. Кейін World beauty congress Kazakhstan өкілдерімен Алматыда кездесу өткізген.

1458709033_ku5

1458708968_ku2

Сәнбикелерге киімді Радмила Гишаева, Дариға Тайшықова сынды қазақстандық сәнгерлер ұсынған, ал әшекей бұйымдар Brosh брендіне тиесілі.

3909b8d4a9c789785075fa533668cbe5

1458708984_ku6

“Super model International-2016” атағын Малайзия сәнбикесі Джозефин Тан жеңіп алған. Екінші орын ресейлік Алиса Маненокқа тиесілі болса, үшінші орын финдік Джулия Пиккарэненге бұйырды.

Естеріңізде болса “Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар туралы жазған болатынбыз.

Талқылау