Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлулығын сақтап қалғысы келген қазақстандық әйел бала туудан бас тартты

Отандық бағдарламалардың бірінде «Саналы түрде бала туудан бас тарту» тақырыбы көтерілді. Студияға Мәдина есімді кейіпкер келіп, өзі де, күйеуі де балалы болғылары келмейтінін жеткізді. Мұны естіген студия қонақтары жағаларын ұстады.

slim-1391235_960_720

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

«Иә, мен өз қалауыммен бала туғым келмейді. Мен үшін бала туу деген – қиын іс. Оны бағып, өсіру де қиын. Сол себепті, алдағы уақытта бала туамын деп те айта алмаймын және тумаймын. Біз отбасында бір қыз, бір ұл болып өстік. Екі бала болсақ та, қиыншылықты көп көрдік. Содан отбасымда баланың болғанын қаламаймын. Жолдасыммен бірге тұрып жатырмыз. Басында балалы болмаймыз деп келісіп алғанбыз. Қазір бұл тақырыпта сөйлеспейміз, туысқандарымыз да мазаламайды. Ата-анам, жақындарым бұл қалауым туралы біледі. Адам өмірге бір рет қана келеді. Әркім өзі үшін өмір сүреді. Мен тек өзім үшін өмір сүргім келеді. Сырт келбетім өмірімнің соңына дейін өзгермесе екен деймін», – дейді Мәдина ханым.

Әйелдің бұл қалауына қарсылық білдіргендердің қатарында заңгер Жасұлан Нұрмаханбетов те бар. Ол отбасылық ұғым мен тән қалауын шатастырмауға шақырды.

«Көп жағдайда отбасылық құндылықтар деп ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсінуін айтып жатамыз. Бұл ойымыз қате. Отбасын құрудағы мақсат – ұрпақты жалғастыру. Осыны ұмытпайық! Бала-шағасы жоқ ер азамат «Үйімде әйелім бар» деп сөйлейді. Өйткені ол өзінің толық қанды отбасының бар екенін сезінбейді. Бұдан өзге азаматтық неке деген бар. Осы тұста отбасы ұғымын тән рахатымен шатастырып жатамыз. Бірақ азаматтық некені отбасы деп атауға келе ме? Ол жерде ешнәрсе құрылмаған, неке де қиылмаған. Яғни ұрпақ жалғастыру мақсаты болмаған жерде отбасының негізі де болмайды», – дейді заңгер.

Ал психолог Балабек Сақтағанов Мәдина ханымды жақтағандай болды. Яғни әр адамның өз шындығының бар екенін айтып өтті.

«Адамның өмір туралы түсінігі әртүрлі қалыптасады. Осы жерде отырған кісілер отбасын баласыз елестете алмайды. Өйткені көзқарастары әртүрлі және әркімнің өз шындығы бар. Осы тұста Мәдина ханымдың бала сүйгісі келмеуіндегі басты себепті анықтап алуымыз керек. Бәлкім, балалық шағында көп қиыншылық көрген шығар. Сіздерге түсініктірек болуы үшін, бірнеше негізгі себептерді атап өтейін. Бірінші себеп – қаржы, екіншісі – қасындағы жолдасына деген сенімсіздік, үшінші – дене бітімінің сұлулығы бұзылады деп қорқу, төртінші – жұмыстан айырылып, 3-5 жыл үйде отырамын деп қорқу, бесінші – жауапкершілік. Мұның барлығы – психологиялық себептер. Бұдан бөлек физиологиялық себептер бар. Жас келіншектер бала туып жатып өліп кетуден, баласының белгілі бір кемістікпен тууынан қорқады. Осының барлығы әйел адамға қатты әсер етеді. Артынша күйеулерін балалы болмауға үгіттейді», – дейді психолог Балабек Сақтағанов.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Әйелі сотталған қазақстандық азамат қызын тастап, көлікті алып қашқан

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Талқылау