Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Суық тигесін ішкен": Павлодар облысында мас болған әкімді жұмыстан босату ұсынылды

Павлодар облысында әкімді мас болғаны үшін қызметінен босату ұсынылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ порталына сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов Екібастұз қаласындағы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғаны туралы мәліметті ауыл тұрғыны қалалық әкімдік төрағасының сенім телефоны арқылы жеткізгенін айтты.

Ал әкім бұл фактіні растап, себебін түсіндірді. Айтуынша, 15 наурызда академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылды су басу қаупі төнген. Шаруа қожалықтарымен бірге бірнеше сағат бойы суды бұру жұмыстарына қатысқан ол суық тиіп, ішімдік ішкен.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бірауыздан Екібастұз қаласының әкіміне Бозтаевты қызметінен босатуды ұсынды. Ол бұл қызметке 2023 жылдың 30 қаңтарынан бастап кіріскен.

Талқылау