Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суицидке итермелейтін «Синий кит» ойынынан соң ІІМ ғаламторда бақылауды күшейтті

Ата-аналарды шошытқан «Синий кит» және «Тихий дом» ойындарына байланысты еліміздің Ішкі істер министрлігі интернетте бақылауды күшейтті. Ұл-қыздардың психикасын зақымдап, суицидке итермелейтіндерді полицейлер аңдуға көшкен, деп хабарлады КТК арнасы.

синий кит-060217

Көрші Ресейден келген қауіпті ойындар негізінен «Вконтакте» және «Инстаграм» әлеуметтік желесінде кеңінен таралған. Онда қаскөйлер негізінен 9 бен 13 жас аралығындағы ұл-қыздарды таңдап алады екен. Сөйтіп, олардың әлеуметтік парақшасына жазылып, 50 тапсырманы орындауға мәжбүрлейді. Бас тартып жатса, мекен-жайын білетінін айтып, жақындарын өлтіреміз деп қорқытқан. Бұған алданған жасөспірімдер тамырына дейін кесіп, суретін ғаламторға салып жатыр. Соңғы тапсырма тіпті өзіне қол салу болғандықтан, көрші Ресейде 17 ұл-қыз суицид жасаған екен. Ал, елімізде мұндай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін полицейлер ата-аналарға да балаларына бақылауды күшейтуге кеңес беріп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде мешітке түскен ұры теріс ағымның өкілі болып шықты

Петропавлда 15 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

Орамал тағуға қарсы шыққан мұғалімдерді “білімсіз” деген имамның сөзі дауға айналды

Қызылордада тегін киім тарататын дүкен ашылды

Талқылау