Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 15 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

Петропавлда полиция қызметкелері бірнеше күн бойы жоғалып кеткен оқушы қызды іздестіріп жатыр.

20170206160542

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Петропавл қалалық ІІБ-ге қаладағы мектептердің бірінің әкімшілігі екі күн бұрын 15 жастағы Антонина Филиппованың үйінен шығып, қайтып оралмағанын хабарлаған.

“Дерек бойынша іздестіру ісі қозғалып, оның аясында барлық қажетті жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Полицейлер қыздың баруы мүмкін деген барлық мекенжайларды тексеруде. Оқушы қыздың анасының сөзіне қарағанда, олар жұртты дүрліктірмеген, себебі ол бұрын да ұзақ уақытқа үйінен кетіп те жүрген”, — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Қыздың белгілері: дене бітімі орташа, бойы 160-165 см, шашы ақшыл сары, ұзындығы орташа, көзі көгілдір түсті. Капюшоны бар сұр түсті күртке, қоңыр түсті мойын орағыш, жеңі жоқ қара көйлек, қоңыр түсті қысқы етік киген.  “Бағыттамалар барлық аумақтық бөлімшелерге жіберілді. Сондай-ақ, компьютер клубтары, көңіл көтеру орындары тексерілуде”, — деп атап өтті Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары Асан Мейрамов.  Полицейлер кез келген ақпаратты 102 нөмірі бойынша хабарлауды сұрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Орамал тағуға қарсы шыққан мұғалімдерді “білімсіз” деген имамның сөзі дауға айналды

Димаш қытайлық қызға бауыр басып қалғанын айтты

Жынысын әйел етіп ауыстырған транссексуал түрмедегі келіншектермен төсектес болып келген

Талқылау