"Су тасқынына ұқсап тұр ма": Желіде қазақстандық азамат Мекке мен Мединаны су басты деген ақпаратты жоққа шығарды
Әлемдік БАҚ беттерінде Мекке мен Медина қалаларында су тасқыны болып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда ол жақтағы тұрғындар мұны жоққа шығарды. Желіде қазақстандық азаматтың Мединадағы көшені көрсеткен видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видео кадрларынан скрин
Видеоны Медина мен Меккеде гид болып қызмет етіп жүрген Равиль Құдайбердиев өзінің Instagram желісінде жариялады. Мұнда күн шуағын шашып, көшелердің құрғақ болып тұрғаны көрсетілген.
“Қараңыздар достар, Мединада су тасқыны болғанға ұқсап тұр ма? Күн шығып тұр. Міне мынау су тасқыны болмаса.
Батып жатырмыз, көмектесіңіздер! Жаңалықтар порталы бұл видеоны таратыңыздар. Өкінішке қарай, олар да суға кетіп отыр деген қауесет тарап жатыр”, – деді автор.
Мекке мен Медина тұрғындары ешқандай табиғат апатының болмағанын айтты. Дегенмен мұндай ақпарат әлемдік БАҚ-та тарап жатыр.
Еске салсақ, Мекке мен Медина су астында қалғаны туралы біз де хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген