Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқынына қарсы іс-шара: Астана су қоймасынан Есіл өзеніне су жіберілді

Су тасқынына қарсы іс-шара:  Астана су қоймасынан Есіл өзеніне су жіберілдіФото: Видеодан скрин

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ерболат Садырбаевпен бірлесіп, Астана су қоймасынан су жіберіліп жатқан Жібек жолы ауылындағы Есіл өзенінің арнасын тексерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір көлемі секундына 450 текше метр су жіберіліп жатыр. Бұған дейін қорғаныс бөгеті салынып және контррегулятордан айналма канал жүргізудің арқасында су кедергісіз өтіп жатыр.

“Су тасқынына қарсы іс-шаралар өз тиімділігін көрсетті. Қазір су жіберу көлемін біртіндеп азайтуда”, – деп мәлімдеді әкімдік.


Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, жағдай бақылауда.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 05 Сәуір, 2026 08:36