Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Су сеуіп жүр": Әлеуметтік желіде қызу пікір тудырған видео жайлы қорғаныс министрлігі сөз қозғады

Әлеуметтік желіде таралған видео жұрттың қызу талқысына түсті. Онда әйел дезинфекция жұмыстарын атқарып жүрген әскерлер мен қызметкерлерге "залалсыздандыру құралының орнына су сеуіп жүр" деп айыптап жатқаны байқалады. Өз сөзін дәлелдеу үшін тұрғын әлгі "сумен" беті-қолын жуып жатқанын камераға көрсетеді. Десек те қорғаныс министрлігінің айтары басқа. 

дезинфекция

"Әлеуметтік желілерде әйел адамның көшелерді дезинфекциялап жатқан әскери қызметшілерге сұрақ қоятын видео пайда болды. Бейнеде әйелдің дезинфекция жасап жатқан әскери қызметшілерге жақындап, дезинфекция үшін қолданылып жатқан - бұл қарапайым су деп мәлімдейді. Шындығында, бұл әкімдіктің бөлімшелері көшелерді дезинфекциялау үшін берген арнайы ерітіндісі. Сондықтан осы бейнеде көрсетілген мәлімет шындыққа келмейді", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Бүгінгі таңда 10 елді мекенде дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда, мен атап өткендей, төтенше жағдай кезінде бұл шара 29 қалада (Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Сарыөзек, Жетіген, Тараз, Шымкент, Гвардейск, Арыс, Шиелі, Жаңақорған, Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Петропавловск, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Семей, Өскемен, Аягөз, Үштөбе, Үшарал) жүргізілді. 

Әскерлер жалпы аумағы 60 млн. ш.м. немесе 6 мың гектардай жерде 14 мыңнан астам нысандар мен 4 мың шақырымнан асатын жолдарға дезинфекция жұмыстарын жүргізіпті.

"Қазіргі уақытта санитарлық залалсыздандыру бөлімшелерін дезинфекциялау құралдарымен әкімдіктер қамтамасыз етеді. Олардың атаулары көп, бірақ құралдардың құрамында хлор және басқа да тотықтырғыш бар. Қолданылатын қоспалар ауру тудыратын бактерияларды, вирустарды және тіпті зең саңырауқұлақтарды кепілді жояды. Медицина және шаруашылық қызметте олардың көмегімен қауіпті инфекцияларды жоюға пайдаланылады (туберкулез, гепатит вирустары, полиомиелит және басқалар). Кейбір қалаларда бөлімшелерге қолдануға дайындалған сұйықтықтар берілсе, басқа қалаларда залалсыздандыру құралдары жұмыс жүргізілетін орында нұсқаманы қатаң сақтай отырып, дайындалады, құрал дайындалған сайын  комиссия актімен өткізеді", - деп қосты министрлік өкілдері.

Министрліктің мәліметінше, егер таза ауада нысандарды залалсыздандыру үшін бір құралдар пайдаланса, ғимараттардың ішінде басқа құралдар қолданылады. Қолданылатын құралдар азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.

"Дезинфекция жұмыстары әкімдіктермен тығыз байланыс арқылы жүргізілуде. Арнайы өңдеу топтары жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша ғана объектілерде дезинфекциялау жұмыстарын  жүргізеді. Сонымен қатар, әскери бөлімдердің аумағында дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Дезинфекция кезінде адамның қолы тиетін нысандар мен заттарды өңдеу сапасына ерекше назар аударылады, бұл есік тұтқалары, баспалдақ таяныштары, орындықтар және т.б., сонымен қатар дезинфекцияның толықтай жүргізілуіне, яғни ерітіндінің нысан бетіне біркелкі және алшақтықсыз қолданылуына", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, ТЖ режимі кезінде әскери қызметшілер Нұр-Cұлтан және Алматы ққ., одан кейін эпидемиялогиялық жағдайдың нашарлауына және КВИ өршуіне байланысты дезинфекция жұмыстарын жүргізетін қалалардың саны 29-ға дейін өсті. Дезинфекциялау жұмыстарына қатысқан әскери қызметшілердің ең көп саны 3000-нан астам болды, ал қазір бұл міндетті 300-ден астам әскерилер орындап жатыр

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Шілде, 2020 10:37
Талқылау