Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да су басқан аймақта соқырішекпен ауырған жасөспірімді дәрігерлер қайықпен тасуға мәжбүр болды

Солтүстік Қазақстан облысында тасқын болған аймақта соқырішекпен ауырған 14 жастағы баланы облыстық ауруханаға жеткізерде қиындық туындады. Су басқан жолда дәрігерлер оны қайықпен тасуға мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото Polisia.kz

Полицияның мәліметінше, таңертең Ойқала ауданында Мамлют дәрігерлеріне көмек қажет болған.

“Олар соқырішекпен ауырған 14 жастағы баланы қалаға апара жатқан. Жедел жәрдем көлігі көпір арқылы қалаға қарай бет алғанымен, әрі қарай қозғала алмады. Себебі Потанин көшесін су басқан. Жедел уәкіл Біржан Бәкіров баланы арқасына отырғызып алып, қайыққа қарай бет алды. Қайыққа баланың анасы мен медицина қызметкері де мінді. Оларды облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері судың арғы жағынан күтіп алды”, –делінген хабарламада. 



Қазір ауданда тек моторлы қайықпен жүруге болады екен.

Еске салсақ, Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесіп, алдағы 10 күнде су тасу қаупі жоғары болатынын ескерткенін хабарлаған едік. 

Талқылау