Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су-24 ұшағының бір пилоты тірі қалған

Түркияның Сириямен  шекарасында құлаған ұшақ  ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағы болып шыққан. Түркия тарабы атылған ұшақ бес минуттың ішінде 10 рет әуедегі шекараға қатысты заңды бұзып, ескертуге бағынбады дейді.

ушак

Ұшақты басқарған  пилоттар оқиға кезінде  катапульттанып  үлгерді деген болатын. Олардың бірі тірі қалған. Ал екіншісі апатқа ұшыраған ұшақ жерге түсісімен жан тапсырған. Болжамдар бойынша тірі қалған пилот сириялық түркімендердің қолында.  Ресей жағы жағдайға байланысты өз тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізбек.

Түркия тарабы да  болған жағдай жайлы бірден ресми ақпарат таратқан. Олар ережеге бағынбаған ұшаққа ескерту жасағандарын айтқан.

Ресей қорғаныс министрі   апатқа ұшыраған ресейдің ұшағы екенін айтқан. Сонымен қоса тура сол уақытта  әуе кемесінің 6000 метр биікте болғанын, Түркияның әуе шекарасын бұзбағанын айтты. Ұшақ жерден оқ атылғаннан кейін барып құлады  деп отыр.

 

 

Талқылау