Студенттер жатақханаларды өздері салады
Назарбаевтың бастамасымен салынатын 75 мың орындық жатақхана құрылысына студенттер де тартылады. Бұл туралы бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
«Президенттің студенттерге арнап жатақхана салу ұсынысын талқылау барысында бұл үрдіске жастарды кеңінен тарту мәселесіне айрықша назар аудардық. Өйткені, жатақханаларды жастардың өздері-ақ сала алады. Сол арқылы бір жағынан жастарды жұмыспен қамтысақ, екінші жағынан жатақханаларды салу барысында жастармен ақылдаса отырып, оны барынша қолайлы жасар едік. Бұған қоса, жастар табыс та табады», – деді вице-министр.
Оның айтуынша, студенттер өздері тұратын болғандықтан жатақханалар да сапалы салынады.
Тағы оқыңыз:
Анимациялық банкноттар қазақстандықтарды таң қалдырды
Ресей ұшағында жанжал шығарған қазақстандық 5 жылға сотталуы мүмкін
Ақтауда жалғызбасты ананың өртенген үйін студенттер жөндеп берді
Астанада Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жасалып жатыр