Студенттер Астанада киіз үйде тұрып жатқан отбасыға үй салуға қаржы жинап жатыр
Колледж студенттері Астанада баспанасыз қалған отбасыға үй салуға қаржы жинап жатыр, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«MeyrimdiAsyladam» қайырымдылық қорының еріктілері құрылыс бригадасымен есеп айырысу үшін өткен-кеткен адамдарға «Шипы» жапсырмасын сатуда.
«Біз жапсырмалар мен білезіктерді, әр түрлі шоколадтарды айтарлықтай жоғары бағада – мың теңгеден сатып жатырмыз. Алайда егер бұл ақшаның қайда кетіп жатқанына қарасаңыз, бұл анау айтқандай көп сома емес. Біз Астанадағы Қырқыншы стансада киіз үйде тұрып жатқан отбасыға көмектескіміз келеді. Қажетті соманы жинауға екі күн уақытымыз қалды. Алты күннің ішінде 470 мың теңге жинадық, ал керегі – 500 мың», — деді қордың еріктісі Қылымбек Атагелдиев Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
Қылымбектің айтуынша, ол қор туралы ЭКСПО көрмесінде ерікті ретінде жұмыс істеп жүргенде білген. Елордадағы қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің студенті сабақтан бос уақытында қайырымдылықпен айналысуға шешім қабылдапты.
«Мұқтаж адамға көмектескім келіп жүретін. Біреуге қол ұшыңды берсең, ләззат аласың. Біздің қорда шот ашылған, тұрақты түрде есеп беріп тұрамыз. Егер кеңсеге75 мың теңге алып барсақ, ол дереу құрылыс бригадасының карточкасына аударылады», — деп түсіндірді Қылымбек.
Қордың еріктілері жапсырмаларды қаланың әр түрлі бөлігінде, әдетте сауда-ойын-сауық орталықтарының жанында сатады.
«Жалпы бұл жұмыста еріктілерге ақша төленеді. 12 жапсырма сатсаң, екі мың теңге аласың. Алайда біз тегін жұмыс істеп жатырмыз. Үйде компьютердің алдында отырғанша, адамдарға көмектескен дұрыс деп ойлаймын. Оқуға кедергі келтірмейді», — деді соз соңында Қылымбек Атагелдиев.
Қазіргі таңда еріктілер су тасқынынан кейін баспанасыз қалып, киіз үйде тұрып жатқан Раушан Иманғалиеваға көмектесу үшін қаржы жинап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандағы жалған емшілер адамдардың өмірін қалай құртады
Алматыда «Оңай» терминалдары жаппай істен шықты