Бойжеткен талаптары шектен тыс көбейген намазхан жігітінен құтыла алмай жүр
Қазақстандық бойжеткен шектеулері көбейіп кеткен жігіті туралы айтып берді. Өзінен екі жас үлкен азамат үнемі бақылап, ақыл айтып отырады екен. Жәния (есімі өзгертілді) бастапқыда оның бұл мінезін байқамағанын айтып жатыр.
Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.
«Қандай шешім қабылдау керектігін білмей басым қатып жүр. Қазір жасым 19-да. Студентпін. Өзімнен 2 жас үлкен жігітім бар. Оны бұрыннан жақсы танитын сияқты едім. Бірақ, адамды бір көріп бағалау дұрыс емес екен. Бұрын сыныптасыммен жақсы сөйлесетін едім. Қазір соны бетіме баса береді. Группамда бір жігітпен доспын. Ол маған хабарласып, хат жазып қалса, мені ұрсады. Болашақта үйден шығармай қоятын сияқты. «Неге мына киімді кидің? Біреуді қарата алмай жүрсің бе? Мені сыйламайсың. Неге сіз деп сөйлемейсің? Мінезің жаман болып кетіпті» деп айтып отырады.
Үнемі мені өзгертуге тырысады. «Осы қалпымда қабылда» десем, ақыл айтып кетеді. Бір айтқан сөзін қайталай береді. Соңғы кезде, тіпті, кездесулерге барғым келмей кетті. Барсам, басымды ауыртып, ақыл айта береді. Өзімнің де ақылым бар. Кешкі мезгілде сыртқа шықпай, сабақ қараймын. Екеуіміз де намаз оқимыз. Бірақ, ол құшақтауға тырыса береді. «Сенімен құшақтасып алып, артынша түк болмағандай намаз оқимын ба?!» деп айтып тастаймын. Кешірім сұрайды. Бірақ, артынша лезде ұмытып кетеді. Жақсы бала болса да, мақтанғанды жақсы көреді.
Айтқандарын істеткісі келіп тұрады. Алғашында мұндай емес еді. Асығыстық жасап қойған сияқтымын. Оны ағамдай көремін. Негізі маған қызы болуға ұсыныс жасаған жоқ. Күнде университеттен алып кетуге келіп, күнде қоймай кездесуге шақырып жүрді. Қалайша жігітім болып кеткенін түсінбей қалдым. Оны қаншалықты жақсы көретінімді де білмеймін. Енді не істесем болады? Ақыл қосыңыздаршы. Кеше хабарласып, «Неге мені іздемейсің?» деп кішкене бала секілді ренжіп тұр. Оның анасы сияқтымын, маған еркелегісі келеді. Маған бұл нәрсе ұнамайды. Айтсам, түсінбейді», – дейді Жәния Дәмкешқызы.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Келіншек бала тумағаны үшін қол көтерген күйеуі туралы айтып берді
Келіншек күйеуіне “бұйырмаған” қыздық пердесін хирургиялық жолмен алдырмақ
Үш дипломы болса да, еден жуып жүрген бойжеткен назын айтты
Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты