Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көзіне газ шашпақ болған: Степногорда сатушы әйел дүкенін тонауға келген азаматты қуып шықты

Степногор қаласында сатушы әйел дүкенді тонауға келген азаматтың өзіне тойтарыс беріп, қуып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 10 тамызда болған. 40 жастағы сатушы әдеттегідей таңертең дүкенді ашып, жұмысына кіріп бара жатқан.

Белгісіз ер адам әйелдің артынан кіріп келіп, көзден жас шығаратын газды сеуіп, дүкенді тонамақшы болады. Алайда сатушы әйел оған қарсылық көрсетіп, оны қуып шығады. 

Полицейлер күдіктіні ұстады. 21 жастағы қала тұрғыны бұған дейін денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы үшін сотталған.

Осы жолы Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 3-бөлігі (Тонау, тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау) және 24-бабы, 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 25 Тамыз, 2021 16:00
Талқылау