Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Stan.kz тілшілері "Болашаққа инвестиция" жобасында оқуды аяқтап, қор нарығында инвестиция жасауды бастады

Қазір кез келген мамандық иесі бос қаржысын тиімді пайдаланып, инвестор атана алады. Қор нарығында сауда жасау үшін көп нәрсе керек емес, тіпті уақытты да алмайды және кез келген адам үшін қолжетімді. Мұны дәлелдеу үшін Stan.kz тілшілері елдегі ең ірі брокер – Freedom Broker ұсынған "Болашаққа инвестиция" жобасына қатысуды шешкен еді. Тілшілеріміз өзге қатысушылармен бірге "Техникалық сараптама" бөлімін аяқтады. Журналистер курс аясында білген-түйгенін бөлісіп, инвестициядағы алғашқы тәжірибе жүзіндегі қадамдары жайлы баяндап берді. 

Курстың екінші бөлігі "Техникалық сараптама" деп аталады. Бұған дейін журналистер "Инвест-компас" бөлімін аяқтаған еді. Оқытуды қор нарығындағы сауда-саттықта 15 жылдық тәжірибесі бар маман Талғат Байбосынов өткізді. 

"Техникалық сараптама" бөлімі – оқытудың ең маңызды бөлігі. Себебі қатысушылар акция сатып алу кезінде ескеру керек жайттарды, туындауы мүмкін қауіп-қатердің алдын алу және жағдайға қарай дұрыс сараптама жасауды үйренді. Аталған бөлім 5 сабаққа жіктелген. 

Алғашқы сабаққа техникалық сараптамадан бөлек, қор нарығында сауда жасайтын қорлар, олардың типтері, микроэкономикалық көрсеткіштер секілді ауқымды тақырыптар қамтылды. Техникалық сараптама бөлімінде қатысушылар қор нарығындағы деректерді саралай отырып, бағалы қағаздарды сатып алу туралы ақпарат алды. Мәселен, техникалық сараптаманың құралдары туралы айта келе, тәлімгер Талғат Байбосынов нақты мысалдар негізінде қор нарығында "тарихтың қайталанатынын" түсіндірді. Сондай-ақ бағаның өзгеруіне әсер ететін факторларды санамалай келе, қор нарығындағы тренд жайлы мол мағлұмат берді. 

Ал екінші сабақта журналистерге трейдингтің ерекшелігі мен түрлері түсіндірілді. Тәлімгер ірі және ұсақ компаниялардың акциялары арқылы нарықтағы тенденциялар жайлы айтып берді. Бұдан бөлек Талғат Байбосынов трейдингтің қандай түрлерге бөлінетінін саралай келе мұндағы қауіп-қатерлер жайлы да сөз қозғады. 

Үшінші сабақта тәлімгер бұған дейінгі тақырыптарды жалғастырып, инвесторларға қажет құралдармен жұмыс істеуді үйретті. Мәселен, экономикалық күнтізбенің бағалы қағаздармен сауда кезіндегі маңызын айтып, инвестициялық калькуляторды қалай қолдану керегін үйретті. 

Төртінші сабақ микроэкономикалық көрсеткіштер тақырыбын толық қамтыды. Талғат Байбосынов компаниялардың бірігуі, акцияны белгілі инвестордың сатып алуы, акцияны индекске қосу, жаңалықтарды жария ету, тоқсан сайынғы компаниялар есебі секілді көрсеткіштерді жеке түсіндіріп, бұлардың қор нарығына әсерін баяндады. Сондай-ақ түрлі компаниялардың қор нарығындағы жағдайын салыстырып, акция құнының өзгеруіне шолу жасады. 

Соңғы бесінші сабақта қатысушылар нарықтағы қауіп-қатерді бақылауды үйренді. Әр жағдайға қатысты мысалдар негізінде туындауы мүмкін қатерлердің тізімі дайындалды. Сонымен қатар қор нарығындағы сауда-саттық стратегиясы жөнінде ақпарат беріліп, журналистер өзіне арналған стратегия әзірлеп көрді. 

Stan.kz ақпарат агенттігінің бас редакторы Назерке Мұса курс барысында бағаның өсу нүктесін анықтау нарыққа болжам жасауға көмектескенін айтады. Мұның барлығы қаржы нарығының жаңа көкжиектерін көруге жол ашқанын жеткізді. 

"Мен тек қазақстандық акцияларды қамтитын портфельді құрдым. Біріншіден, АҚШ нарығы қазіргі уақытта саяси жағдайларға және басқа факторларға байланысты құбылмалы, бұл оның болашақ жағдайын болжауды қиындатады. Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар елдің қазіргі экономикалық жағдайын ескере отырып, өсу мен тұрақтылықтың айтарлықтай әлеуетін ұсынады.
Сондықтан жақсы дамып келе жатқан Air Astana компаниясының акцияларын таңдадым. Ол халықаралық және ішкі нарықтарда өсіп келе жатқан үлесімен Қазақстандағы жетекші әуе тасымалдаушысы ретінде сенім ұялатады. Келесі таңдауым – электр энергиясын ұлттық желіге жеткізуде басты рөл атқаратын KEGC.KZ компаниясының акциялары. Менің қоржынымдағы тағы бір маңызды акция – мұнай, мұнай өнімдерін және суды тасымалдайтын қазақстандық компания, 13.93% өсу әлеуетін көрсеткен KazTransOil. Осылайша, инвестициялық портфелім тәуекел мен кірістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді дамуға бағытталып отыр", – деді ол. 

Назерке портфель

Tradernet қосымшасындағы портфель профилінің көрінісі

Редакция журналисті Салима Бағашар курс аясында баға мен сауда көлемі негізінде акция бағасына болжам жасауды үйренгенін айтады. 

"Бағаның қалыптасуына күнделікті ақпараттар легі де әсер етеді. Егер тарихтың қайталанатынын ескерсек, алдағы уақытта бағаның қалай өзгеретінін көреміз. Бірақ кез келген инвестицияда қатер барын ұмытпаған жөн. Инвестор эмоцияға беріліп шешім қабылдаудан аулақ болғаны жөн. Ал техникалық сараптама сан мен нақты фактілерден тұрады. Ал тәлімгер бізді трейдинг әлемімен таныстырып қана қоймай, пайдалы әдебиеттер тізімін бөлісті", – дейді Салима Бағашар. 

Бағалы қағаздарды сатып алу және инвестиция жасау туралы ойланғанда таңдауым анық болды дейді қатысушы.

“Біріншіден, есепшот ашқан кезден бастап қазақстандық компанияларға инвестиция саламын дедім. Нарықпен танысып, "Қазмұнайгаз" компаниясына тоқтадым. Бұл таңғалатындай жағдай емес, өйткені ҚМГ - ірі ұлттық компания. Онда мұнай активтерінің күшті қоры бар. Компанияның былтырғы қаржы көрсеткіштерін де зерттедім, бір жылда кірісі 8 320 миллиард теңге болған. Алты айлық кіріс кестесін зерттегенде компания 15 шілдеде ең жоғары табысқа жеткенін байқадым. Егер біз инвестициямызды осы бағалы қағаздарға салсақ, жоғары көрсеткіш ұзағырақ тұруы мүмкін деген қорытындыға келдім”, – деп қосты ол.

Салима

Tradernet қосымшасындағы портфель профилінің көрінісі

Stan.kz агенттігінің редакторы Назархан Уән техникалық сараптамаға арналған екінші бөлімде өте көп ақпарат алғанын, алдағы уақытта бұл деректер табысын арттыруға көмектесетінін қосып өтті. 

"Техникалық сараптама тек сандар мен нақты деректерге негізделетінін түсіндім. Келешекте акция мен облигацияларға ақша құйғым келеді. Бұл қауіпті азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар қаржы нарығындағы қорлар арқылы да қауіп-қатерді қысқартуға болатынын түсіндім. Бұған дейін мұндай қорлар жайлы білмеген едім", – дейді Назархан. 

Назархан ұзақмерзімді инвестицияны таңдағандықтан, пайдасы көбірек әрі нарықта тұрақты компаниялардың акциясын таңдамақ. 

"Инвестициядағы алғашқы қадамды жасау кезінде қазақстандық компаниялардың акциясын алу туралы шешім қабылдадым. Сондықтан алдымен әр саладағы алпауыттарды сараптай келе, Air Astana компаниясына басымдық беруді жөн деп санадым. Бұдан кейін соңғы бір айда 5% өсім көрсеткен “Қазақтелеком” компаниясының да акциясын портфеліме қостым. Мұнай-газ саласына да қарайлай келе KazTransOil акцияларын сатып алдым", – деп аяқтады Назархан Уән. 

Tradernet қосымшасындағы портфель профилінің көрінісі

Бағдарлама қатысушысы, кәсіпкер Алексей Мутасов курстың қорытынды бөлімі пайдалы әрі тың деректердің көп болғанын мәлімдеді. 

"Мен алдағы уақытта қауіпті азайтып, пайданы арттырғым келеді. Негізгі мақсатым – жиналған қаржыны сақтау үшін ұзақ мерзімге инвестиция жасау", – дейді Алексей. 

Кәсіпкердің айтуынша, көп ойлана келе, Freedom Holding Corp. акцияларын мұқият қарастыруды жөн көрген. Себебі оның дүниежүзі бойынша кеңінен тарағанын, көптеген саладағы жұмысты қамтығанын және қарқынды дамып жатқанын ескеріп, акциялары тиісінше бағаланбаған болып көрінеді. Сондықтан 2-3 жылдың ішінде баға кем дегенде 1,5-2 есеге көтерілуі керек деп ойлаймын. Мен өз капиталымды көбейту үшін осы кезеңде ай сайын қосымша акциялар сатып алмақшымын.

Қалған ақшаға Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымынан Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған, орташа жылдық мөлшерлемесі 25% болатын облигацияларды сатып алдым. Бұл - банкке сол ақшаны салғанымнан 2 есе көп табыс алуға мүмкіндік беретін, тәуекелі аз инвестициялар. Курс инвестицияға ақылмен қадам жасауды үйретті. Сондықтан алған білімді практикада сеніммен қолдана аламын. Осы себепті барлығына инвестиция жасауда әр қадамды жүйелеп алуға кеңес берер едім", – дейді Алексей Мутасов. 

Tradernet қосымшасындағы портфель профилінің көрінісі

Tradernet: бір ғана қосымшадағы шексіз мүмкіндік

Оқу аяқталған соң қатысушылар жеке менеджердің көмегімен Tradernet платформасымен танысып, есепшот ашу қажет болды. Бұл үшін олар Freedom Broker бас кеңсесіне келіп, клиенттермен жұмыс бойынша аға менеджер Даниэль Байсеитовтен жеке-жеке кеңес алды. Алдымен аға менеджер Tradernet қосымшасын жүктеуге және тіркелуге, сауда есепшотын ашуға көмектесіп, ыңғайлы мобильді қосымшаның мүмкіндіктері туралы айтып берді.

 

Даниэль әр қатысушыға кеңестер беріп, қор нарығындағы сауданың ерекшеліктері жайлы баяндады, бағалы қағаздар нарығына қатысты ақпараттық-сараптамалық материалдарды ұсынды. Сонымен қатар таңдаған стратегия бойынша және Fredoom Broker сарапшыларының есептерін басшылыққа ала отырып инвестициялық портфель құруға қатысты кеңес берді. 

Fredoom Broker сауда-саттық бойынша атқарушы директоры Әлібек Сұлтанов Stan.kz редакциясымен тілдесу барысында клиентпен жұмыс кезінде менеджер қаржы кеңесшісіне айналатынын айтты. 

”Менеджер қаржы құралдарының қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, қолданылып жүрген инвестициялық стратегиялар жайлы хабар береді. Сонымен қатар ақша салу және шешіп алу, түрлі есепшоттар арасында аударым жасау секілді операцияларды жүзеге асыруда көмектеседі. Брокерді клиент пен қаржы нарығы арасындағы көпір деуге болады, себебі компания клиенттер үшін әртүрлі юрисдиакциядағы қаржы нарықтарын қолжетімді етеді. Ұсынылатын сараптамалық материалдар сізді қаржы сараптамасын оқуға және негізгі бөліктеріне зейін қоя білуге үйретеді. Бір сөзбен айтқанда біз клиенттіріміз үшін қызықты әрі пайдалы ақпарат дайындаймыз. Қазіргі таңда компанияда клиенттермен жұмыс бойынша 200-ден аса менеджер бар. Клиентке қолдау көрсету блогы жұмыс істейді. Мұнда адамдар кез келген уақытта кез келген мәселе бойынша телефонмен де, онлайн да жүгіне алады”, – дейді Әлібек Сұлтанов. 

Кеңес беруден кейін қатысушылар жеке инвестициялық портфелін құрды. Бұл – инвесторларға қаржылық мақсатына жетуге көмектесетін алғашқы салымдары. (Бірінші материалда қатысушылар инвестиция салуға деген мотивациялары туралы, ал екіншісінде тренингтің қалай өткені туралы айтты)

Мұнда инвесторлардың мақсатқа жетуіне көмектесетін шағын салымдары көрсетілген. Ал келесі материалда біз қатысушылардың қандай жетістікке жеткенін және қай портфельдің табыстырақ болғанын білеміз. 


*Freedom Finance Global PLC (Freedom Broker, https://www.ffin.global/) – "Астана" халықаралық қаржы орталығының нормалары бойынша тіркелген және жұмыс істейтін компания, АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті бағалы қағаздар нарығында реттелетін инвестициялық қызметтер (оның ішінде брокерлік қызметтер) көрсетуге берген № AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясы.

Бұл материал ақпараттық сипатқа ие және жеке инвестициялық ұсыныс емес. Бұрынғы нәтижелер, егер олар материалда қолданылса, болашақ қорытындылардың сенімді көрсеткіші бола алмайды. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына иелік ету әр уақытта қауіп-қатермен қатар жүреді, ал клиент бағалы қағазды сатып алу және сатуға байланысты қатерге тек өзі жауап береді. Толық ақпарат https://ffin.global/ сайтында орналастырылған компанияның бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсету реглменті (легламенттегі 4-қосымша) мен бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыруға қатысты қауіп-қатер декларациясында ұсынылған. 

Компания инвестицияның болашақта табысты болатынына, ықтимал табыстың тұрақтылығына кепілдік немесе уәде бермейді. Сонымен қатар клиенттің инвестициялық шешімі салдарынан келген шығын мен жіберіп алған пайда үшін жауапты емес.   

Аталған ақпараттық материал – адамдардың шексіз тобына бағытталған және брендтің танымалдылығын арттыруға арналған компанияның (Financial Promotion) мерзімсіз жарнамалық ұсынысы.

Талқылау