Ыстамбұлға ұшып бара жатқан ұшақтың пилоты әуеде көз жұмды
Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы Сиэтл – Ыстамбұл бағытындағы рейсті орындау барысында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Әуе кемесі Нью-Йоркте шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Оқиға 8 қазанда болған. Ұшақтың 59 жастағы пилоты Ильчехин Пехливан әуе сапары кезінде есінен танып қалған. Экипаж оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Ұшақтың екінші ұшқышы шұғыл түрде Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонуға сұраныс жасады. Жолаушылар Ыстамбұлға басқа рейстермен жеткізілді.
Ұшақтағы жолаушылардың ұшу кезінде құлақ қалқаны жарылып, мұрындары қанаған
Turkish Airlines өкілдерінің айтуынша, пилот Пехливан Ильчехин үнемі медициналық тексерістерден өтіп жүрген және денсаулығына байланысты ешқандай мәселе анықталмаған. Соңғы тексеріс наурыз айында өткен.
Еске салсақ, Казақстандық әскери дәрігер Түркиядан Алматыға баратын рейсте жолаушы әйелдің өмірін құтқарып қалған еді.