"Спутник V" вакцинасынан кейін иммунитет екі жылға сақталады
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов "Спутник V" вакцинасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасында халықты КВИ-ға қарсы вакциналау басталды.
КВИ-ға қарсы вакцинация Ресейдің Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген "Спутник V" вакцинасы қолданылады. Аталған вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында орналасқан.
"Әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі - Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ды құрағанын хабарлады. Сонымен қатар, "Спутниктен" кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталуы мүмкін екендігі дәлелденді. Вакцина коронавирустың "Британдық" және "Оңтүстік Африка" жаңа штамдарына қарсы тиімді. Сондай-ақ, вакцинаны жасаушылар "Спутник" COVID-тің орташа және ауыр ағымынан 100% қорғайтынын атап өтті", - дейді Қиясов.
Еске салсақ, вакцинация вакцинаның түсуін және халықтың әртүрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.