"Спутник V" вакцинасы жасөспірімдерге сыналды
Ресейде "Спутник V" вакцинасын жасөспірімдерге сынау басталды. Бұл туралы Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі орынбасары Анастасия Раковаға айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәскеу мэрі орынбасарының сөзінше, дүйсенбі, 5 шілде 21 адам "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алған. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші фазасына 12-17 жастағы жасөспірімдер қатысып жатыр.
"Екпе алдында қатысушылар міндетті түрде жіті медициналық тексерістен өтеді. Оның ішіне ПТР-тестілеу де кіреді. Кеше 21 адамға бірінші компонент егілді, оның 11-і – З.А.Башляева атындағы балалар ауруханасында, 10-ы – Морозовская балалар ауруханасында. Балалардың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр, тек екі жасөспірімнің ғана аздап дене қызуы көтерілді, ал жалпы барлығы өзін жақсы сезінеді", – деді мэр орынбасары.
Ракова жасөспірімдерге "Спутник V" вакцинасы салынғанын атап өтті.
Айта кетсек, бұл препарат қазір 18 жастан асқандарға егіліп жатыр.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді