Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спортшыларға қолдау көрсетті: Даниал Ахметов Париждегі Олимпиада ойындарында көзге түсті

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниял Ахметов Париждегі Олимпиада ойындарына барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Facebook / Qazaq Athletics

Даниал Ахметов қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету үшін Парижге барған. Оның спортшылармен түскен суреті Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының парақшасында жарияланды.

"Федерация президенті спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесіне алғыс айтып, спортшылардың барлық жағдайын жасауға дайын екенін атап өтті", –  делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандық жеңіл атлеттер әзірге бірде-бір медальға қол жеткізе алмады. Тек Нора Жеруто ғана Париж Олимпиадасының финалына жолдама алған.


Париж Олимпиадасына педофилия үшін сотталған нидерландылық волейболшы қатысып жатыр


Даниал Ахметов 2018 жылдан бері федерация президенті. Ол өткен жазда Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен кеткеннен бері саясаттан алыстаған.

Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды. Ол облысты 2014 жылдың қарашасынан бері басқарған.

Еске салсақ, осыған дейін Париж Олимпиадасында алтын иеленген дзюдошы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевты Алматы әуежайында туыстары, достары мен спортшылардың жанкүйерлері қарсы алған еді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 05 Тамыз, 2024 12:17
Талқылау