Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спорт министрлігі Александр Геберттің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрлігі спорт және физикалық мәдениет істері бойынша комитеті фристайлдан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Александр Геберт

Александр Геберт 2020 жылы Ұлттық құрамадан қуылғанын және жаттықтырушысын "қысым көрсетті" деп айыптап бейнежазба жариялаған болатын. 

Геберт Нұр-Сұлтан қалалық Экономикалық тергеу департаментіне шағым түсіргенін айтқан еді. Алайда департаменттегілер заң бұзушылықтың табылмағанын хабарлаған. 

Спорт және физикалық мәдениет комитеті Геберттің өтінішін қайта қарайтыны туралы мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда Комитет Нұр-Сұлтан қалалық Экономикалық тергеу департаментіне хат жолдап, Александр Геберттің Елена Круглыхинаның үстінен түсірген арызына қатысты соңғы шешімін шығаруды сұраттық", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Айта кетейік, фристайлдан Қазақстан құрамасының мүшелері жаттықтырушыны қолдаған. Сонымен қатар олар жанжалдың жеккөрушіліктен пайда болғанын айтқан еді. 

Назархан Уән
Жұма, 22 Қазан, 2021 14:47
Талқылау