Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөзім өтпеді": Бағлан Әбдірайымов ажырасуға не себеп болатынын айтты

Бағлан Әбдірайымов ажырасуға не себеп болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасында перзентімен түскен суретін жариялап, отбасы туралы пікірін жеткізген. Бүгінде елімізде кең етек жайған ажырасу мәселесін сөз еткен ол ер адамдардың отбасына келгенде жауапкершілік танытпайтынын айтып қынжылды. Бала үшін, оның болашағы үшін деген мәселе бүгінгінің еркектерін алаңдатпайды дейді ол. 

"Кішкентайым ғой! "Осылар үшін өмір сүріп жүрміз" деп ата-аналардың жиі айтатынын естіп жүрміз. Енді өзіміз ата-ана болған соң түсініп келе жатырмыз. Отбасы болған соң кедергілер мен түсініспеукшіліктің болуы заңдылық. Осы орайды еркектің бірінші сынып, жауапкершіліктен қашатыны қынжылтады", -деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Ер адам ажырасуға келгенде әртүрлі сылтау айтып, әйелін жаманатты етіп, ездің қылығын жасайды дейді Бағлан Әбдірайымов. Ол ағасының жақсы еркек туралы әңгімесін мысал ретінде айтып, ер адамдарды мықты болуға шақырған. 

"Ажырасудың басым бөлігін еркектер қабылдайды. "Ой мінезі нашар, сөзім өтпеді, шешеме сөз қайтарды, туыстарымды дұрыс күтпеді" деп мың сылтау айтып шыға келеді. Өзін еркекпін деп жүріп, ез болғанын аңғармай, жалған көкірек керсететіні де бар. Бір ағам "Нормальный еркектен қатын ешқашан кетпейді" деп көше тілімен айтқаны бар еді. Сөзінің жаны бар. Сондықтан бауырлар біз мықты болайық. Отан от басыдан басталса, отағасы біз!" - дейді өнер иесі. 

Талқылау