Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сотта жеңіп шықтық": Павлодар облысының әкімі мердігер мен әкімдік арасындағы сот дауына пікір білдірді

Павлодар облысың әкімі Асайын Байханов Partners Realty мердігер компаниясы мен әкімдік арасындағы сот дауына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Байханов

Фото: mypavlodar

Аймақ басшысының айтуынша, аталған мәселеге қатысты сотта әкімдік жеңіп шыққан. 

"Меніңше, мұндай істер тек сотта қаралуы керек. Аталған компаниямен арадағы азаматтық арыздар бойынша шешім шықты, біз сотта жеңіп шықтық. Барлық сот процесі слайдта көрсетілген. Бұл көшедегі жол жөндеу жұмыстарына қатысты тұрғындар да пікір қалдырған. Мұның барлығы боттар емес, тұрғындар", – деді ол.

Асайын Байхановтың сөзінше, мердігер жөндеу жүргізген жол талапқа сай емес деп танылған. 

"Құжатта 3 сараптама жүргізілген. Нәтижесінде жол сапасы келісімшарттың техникалық бөлігіне сәйкес емес деп танылды", – деп қосты Байханов. 

Айта кетейік, “Partners Reality” ЖШС Павлодардағы Қатаев көшесіне жөндеу жүргізген соң әкімдік тарапынан қаржы ала алмағанын айтқан. Әкімдік пен мердігер арасындағы текетірес 2023 жылы басталған еді. 

Талқылау