"Сотқа беремін!". Әнші Шахизада қарызын қайтармай жүргендерге өкпелі
Киім дүкенін ашып, жеке кәсіппен айналысып жүрген отандық әнші Шахизаданың дүкенінен қарызға киім алып, өзін алдап кеткендерге өкпесі қара қазандай. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
©instagram.com/shahizada.art
“Менің сыйлағанымды, түсіністікпен қарағанымды пайдаланып, алдап, киім алып кетті. Бүгінгі күнге дейін қарыздарымды қайтармаған адамдарға деген ренішім осы. Қарызды үш рет сұрайды. Менің сұрап жүргеніме 5-6 ай болды. Ақшада достық жоқ деген осы болар. Көзім енді жетті”, – деп жазды өнер иесі.
Әнші оларға соңғы күн уақыт беретінін айтып, желіге суреттерін жариялаған.
“Менің дүкеніме келіп, киімдерді қарызға алдыңыздар. Қалай ұялмай киіп жүрсіздер? Соңғы күн уақыт беремін. Сурет пен видео шығарамын. Сотқа беремін”, – деп ескерту жасады әнші.
Талқылау

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
Жағажайда ауыз су, желі мен санитарлық жағдай жоқ

"Бір нүктеде қатып қалды": Аспанда "тоқтап тұрған" ұшақтың видеосы қызу талқылануда
Желі пайдаланушылары: "Құлап кете ме деп қатты қорықтым”