"Сот сіздің қатысуыңызсыз өтеді": Судья Шерзат Полаттың әкесіне соңғы ескерту жасады
Судья Ержан Жанұзақов айыпталушылардың бірінің адвокаты қойған сұраққа наразы болған марқұм Шерзат Полаттың әкесіне соңғы ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Сот отырысы кезінде сотталушылардың адвокаттары Шерзаттың анасына сұрақ қойды. Олар қанды оқиға кезінде Қаржаубайдың не істегенін сұрады.
“Айыпталушылардың не істегенін егжей-тегжейлі айтып жатырсыз. Оқиға болған сәтте Қаржаубай не істеді”, – деп сұрады адвокат.
Бұл сауал Қаржаубай Нұрымовтың ашуын туғызды. Қорғаушылар оның кедергі жасап жатқанын айтты.
“Егер түсінбесеңіз, жәбірленуші Нұрымов, мен сізге соңғы ескерту жасаймын. Орныңыздан айқайлай берсеңіз, сот сіздің қатысуыңызсыз өтеді”, – деді судья.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"