"Сот шешімін күтейік": Тоқаев Мұхтар Жәкішевтың ісі туралы пікір білдірді

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы "Қазатомөнеркәсіп" басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бұл мәселе тек соттың құзырында. Әлбетте, Жәкішевтің денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірнеше рет өтініш білдіргені белгілі. 3 наурызда бірінші сатыдағы сот отырысы өтеді. Оның шешімін күтейік, ол әділ болады деп сенемін", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Informburo.kz ақпараттық-талдау порталына берген эксклюзивті сұхбатында.

Еске салсақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға сотталған. Ол жымқыру және пара алу үшін кінәлі деп танылды.

2018 жылдың қараша айында Жәкішев Семей қаласының №2 сотына шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішімен жүгінген еді. Сот бұл сұранысты қанағаттандырудан бас тартты, өйткені ол келтірген залалдың жалпы сомасын - 99,6 млрд. теңге төлемеген.

2019 жылдың 24 шілдесінде сот тағы да шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр